Malim.kz
Спорт

Алексей Луценко Азиадада тарихи рекордты қайталады

Алуа Әшірбекова
Фото: Kaz.Nur.Kz telegram

Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медаль түсті. Тасжол велоспортынан жекелей жарыста Алексей Луценко үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Kaz.Nur.Kz telegram арнасының мәліметінше, 34 жастағы қазақстандық велошабандоз 32,1 шақырымдық қашықтықты 41 минут 24,05 секундта еңсеріп, жарыс жеңімпазы атанды.

Осы жеңістен кейін Луценко Азия ойындарының бес дүркін чемпионы болды. Бұған дейін ол 2014 жылы Инчхонда, 2018 жылы Джакартада екі рет және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында алтын медаль иеленген.

Сонымен қатар Алексей Луценко Азия ойындарындағы алтын медаль саны бойынша Константин Негодяевтың рекордын қайталады. Байдарка және каноэде ескек есуден сынға түскен Негодяев та құрлықтық додада бес мәрте чемпион атанған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары