Malim.kz
Спорт

Әлем чемпионаты: Әбиба Әбужақынова 1/8 финалға жолдама алды

• Malim Админ

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы турнирді екінші айналымнан бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлем чемпионатындағы оның алғашқы қарсыласы - Марина Воробьева (Ресей).

Негізгі уақытта спортшылар жеңімпазды анықтай алмады. Алайда қосымша уақытта Әбиба әдіс жасап, 1/8 финалға жолдама алды.

Бәсеке дзюдодан Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатыр.

Фото: olympic.kz


Malim Админ
Автордың басқа материалдары