Malim.kz
Спорт

Әлем чемпионы Артем Антропов ел біріншілігінде жаңа рекорд орнатты

Сабина Асқарқызы
Спортты дамыту дирекциясы

Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында алтыншы жарыс күні 110 келіде жүлде үшін тартыс соңғы сәтке дейін жалғасты, деп хабарлайды Malim.kz.

Артем Антропов серпе және қоссайыста рекорд жаңартып, жеке дара көш бастаса, қола жүлде мен 4-орын арасындағы айырмашылық 1 келіні ғана құрады.

1. Артем Антропов (Қарағанды обл) - 405 келі (175+230)
2. Матвей Макрушин (Жетісу обл) - 350 келі (155+195)
3. Темірлан Окашев (ШҚО) - 347 келі (150+197)
4. Данил Бетехтин (Жетісу обл) - 346 келі (151+195)

«Бүгінгі өнерімді -4-ке бағалаймын. Өйткені бұдан да жоғары көрсеткіш тіркей аламын. Оны бүгін дәлелдедім. Ақырындап 110 келіге бейімделіп келе жатырмын. Салыстырмалы түрде Ислам ойындарынан қарағанда алға жылжушылық бар. Бұйырса Азия ойындарына дейін жаттығуымды күшейтемін», - деді Артем Антропов.

2025 жылдағы Қазақстан чемпионатының көрсеткіші:

1. Артём Антропов (Қарағанды обл) - 380 келі (160+220).
2. Матвей Макрушин (Жетісу обл) - 336 кг (150+186).
3. Темірлан Окашев (ШҚО) - 327 келі (140+187).

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары