Malim.kz
Шоу-бизнес

Әлем чемпионы Төрехан Сабырханның Ерке Әбіловаға қандай қатысы бар?

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Блогер Ерке Әбілованың әлеуметтік желіге жариялаған суреті Төрехан Сабырханның жеке өміріне қатысты болжамдарға себеп болды. Оқырмандар фотодағы жүзі көрінбейтін жігіттің кім екенін киіміне қарап анықтауға тырысқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерке Instagram парақшасында тау көлінің жағасында жігітпен бірге түскен фотосын бөліскен. Суретте бойжеткен камераға қарап тұрса, жанындағы жігіт теріс бұрылған. Блогер жарияланымына "Ақ қарым болшы шыныңда'' деп жазған.

Осыдан кейін оқырмандар жұмбақ жігіттің кім екенін іздестіре бастаған. Алдымен оның үстіндегі қара күртені Нұрхан есімді жігіттің киіміне ұқсатқан. Алайда фотоларды салыстырғандар шалбар мен аяқ киімнің сәйкес келмейтініне назар аударған.

Оқырмандардың айтуынша, Төреханның досы Нұрхан дәл сол күні TikTok желісіне өзінің де суреттерін жариялаған. Екі жарияланымдағы киімдерді салыстырған желі қолданушылары Нұрхан мен Төрехан күртелерін ауыстырып түскен болуы мүмкін деген болжамға келген. Осылайша, Еркенің жанындағы жігітті әлем чемпионы Төрехан Сабырханмен байланыстырған.

Дегенмен киімдердің ұқсастығы фотодағы адамның кім екенін нақты растамайды. Ерке мен Төрехан бұл суретке және араларындағы қарым-қатынасқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан олардың кездесіп жүргені туралы пікір әзірге оқырмандардың болжамы болып отыр.

Төрехан Сабырхан кім?

Төрехан Сабырхан – қазақстандық боксшы, ұлттық құрама мүшесі. Ол 2006 жылы дүниеге келген. Жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанып, 2024 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған.

2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда жапониялық Сэвон Окадзаваны жеңген Төрехан 19 жасында ересектер арасында әлем чемпионы атанды.

Ал 2026 жылы Айчи–Нагояда өткен Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Ол финалда Иордания өкілін 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан боксына Азия ойындарындағы 12 жыл үзілістен кейінгі алғашқы алтынды әкелді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары