Malim.kz
Спорт

Әлем кубогы: Назым Қызайбай ширек финалға шыға алмады

Сабина Асқарқызы
ҰОК

Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогы кезеңінің үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай 1/8 финалда Польша спортшысы Виктория бита Рогалинскимен жолықты.

Қос боксшы жекпе-жек бойы қашықтықта жұдырықтасып, бір-бірінің қимылын аңдумен болды. Теңдей өткен айқастың тағдыры шешуші үшінші раундта шешіліп, 4:1 есебімен Виктория бита Рогалински жеңіске жетті.

Бұған дейін 55 келіде өз мүмкіндігін алған Бағлан Кенжебек бірінші айналымда Армения спортшысы Жирайр Саргсиянмен жұдырықтасып, 2:3 есебімен есе жіберген еді. Сондай-ақ, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бразилиядағы әлем кубогінің бірінші кезеңінде 1/8 финалға өтті. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары