Malim.kz
Спорт

Әлемдік теннис рейтингі: Еленамыз - екінші

Айгүл Таңатар
24.kz

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 8 143 ұпаймен рейтингтегі 2-орнын сақтап қалды. Көш басында Беларусь өкілі Арина Соболенко (8 550 ұпай) тұр. Ал 3-орынға америкалық Джессика Пегула (6 301 ұпай) жайғасты, деп хабарлайды Malim.kz.

Тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева (904 ұпай) бірден үш сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 79-орыннан көрінді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина (6 775 ұпай) да өз орнын сақтап, 6-орында қалды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілер рейтингінде 10-орынға тұрақтады. Оның жалпы табысы – 16,3 миллион доллар. Оның ішінде 11,3 миллион доллар – жүлде қоры, ал 5 миллион доллар демеушілік келісімшарттардан түскен табыс екен.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары