Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қараша күні болған өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осыдан 4 күн бұрын денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған еді. Ол санитарлық авиация арқылы Жетісайдағы ауруханадан Шымкентке жеткізілген болатын.
Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген 7 жастағы қыз дәрігерлердің жедел шаралар қолданғанына қарамастан көз жұмды. Марқұмның мәйіті жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізілді. Оның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.
Айтп кетейік, 360 шаршы метрлік жеке үйде болған апат салдарынан 13 адам қаза тауып, 2 адам ауруханада жатыр.