Malim.kz
Саясат

Әлия Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Арман Қайыпхан
Фото: https://t.me/DenMinPR

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әлия Шайзадайқызы Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін, І.Жүнсүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен бастаған.

1993–1994 жылдары — Алматы қаласындағы №7 емхананың, №5 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-терапевті.

1994–2000 жылдары — Алматы қаласының медициналық ғылыми ұйымдарында клиникалық ординатор, аспирант.

2000–2001 жылдары Талғар қаласының медициналық мекемелерінде бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.

2001–2005 жылдары — Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

2005–2009 жылдары Алматы облысы бойынша Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарды.

2009–2010 жылдары — Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментінің директоры.

2010–2011 жылдары — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

2011–2012 жылдары — Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің директоры.

2012–2015 жылдары Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒЗИ ғылыми хатшысы, инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2015–2018 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша медициналық қызметті бақылау және қоғамдық денсаулықты сақтау департаменттері басшысының орынбасары, басшысы.

2018 жылы — Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары.

2018–2022 жылдары — Нұр-сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары