Malim.kz
Спорт

Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегін тікелей эфирден көруге болады

Арман Қайыпхан
Фото: Twitter/Janibek Alimkhanuly

2025 жылдың 7 желтоқсанында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен тарихи кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық және кубалық былғары қолғап шеберлерінің айқасы АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл тартысты кездесуді 7 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналарының тікелей эфирінен көре алады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары