Malim.kz
Саясат

Әлихан Смайылов  Премьер-министр болып қайта тағайындалды  

Malim Админ

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан  Смайыловты тағайындауға келісім берді.

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. 

Президентке  Премьер-Министр  кандидатурасын   «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары