Malim.kz
Саясат

Әлия Назарбаева төрағалық қызметінен кетті

Айшолпан КЕРІМ

Әлия Назарбаева «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының» төрағасы қызметінен  кетті.

Бұл туралы ulysmedia хабарлады. Әзірше оның орнына экоұйымдарды кім басқаратыны белгісіз.

Бұған дейін Қазақстан ертеректе келісілген алты қоқыс өңдеу зауытының құрылысынан бас тартқаны хабарланған болатын. Аталмыш құрылысқа Әлия Назарбаева иелік ететін Waste2Energy ЖШС жауапты еді.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары