Malim.kz
Оқиға

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жібермек болды

• Арман Қайыпхан

Алматы әуежайында ер адам өзіне от қойған кезде ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 тамыз күні сағат 22:06-да Алматы қаласы әуежайының “Т-1” терминалында ер адам кассалар жанында өзін-өзі өртемек болған. Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге жедел шара қолданып, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді», – делінген ІІМ хабарламасында.

Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғаушылар тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары