Malim.kz
Құқық

Алматы әуежайында шетел азаматы ірі мөлшердегі есірткімен ұсталды

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бангкок – Алматы рейсі ұшып келгеннен кейін 20 жастағы шетелдік азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде күдіктіден жалпы салмағы 11 келіге жуық гашиш майы құйылған 12 пластик ыдыс тәркіленген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бап санкциясында мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов жыл басынан бері Қазақстан аумағына есірткіні контрабандалық жолмен әкелудің 57 дерегінің жолы кесілгенін атап өтті. 

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Алматыда салмағы 13 тонна 183 келі болатын республика тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленгенін хабарлаған болатын болған. Жүк Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитпен өтуі тиіс болған. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары