Алматы облысының Жамбыл ауданында биыл ақпан айының басында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл туралы Lider.kz еріктілер ұйымы мәлімдеді. 1987 жылы туған Шыңғыс Утеубаев 2026 жылғы 4 ақпанда жоғалып кеткен. Сол күні таңертең ол Жамбыл ауданындағы Алматы-Бішкек тасжолының 60-шақырымындағы тұрақта жеке заттарын қалдырып, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Белгілері: бойы 170–175 сантиметр, денелі, шашы қысқа әрі қара, көзі қоңыр.
Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесін 12 мамыр күні жол құрылысында жұмыс істейтін мамандар адам аяғы сирек баратын жерден тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.