«Almaty Creative Industries Forum - 2021» осы жылдың III-IV тоқсанына жоспарланған. Оның аясында стартаптардың акселерациясы мен Creaton чемпионаты өткізіледі. Қазір креативтік индустриялар басқармасы іс-шараны ұйымдастырып беретін компания іздестіруде.
Форумға кемінде он спикер, оның ішінде креативтік экономика саласындағы бес халықаралық сарапшының қатысады.
Бұдан бөлек, басқарма «Almaty Creative Class» онлайн білім беру платформасын іске қосып, контентпен толтыру үшін 38,8 миллион жұмсағалы тұр. Ол да бюджеттік ақша. Бұл қаражатқа креативті экономиканың басым бағыттары бойынша үш тілде 10 оқыту курсы түсіріледі.
Аделаида Ауеспекова, Алматы қаласы