Energyprom.kz мәліметінше, ағымдағы жылдың қазан айы қорытындысына сәйкес, аурухана қызметтер ақысы айлық көрсеткіште 0,3 пайызға, жылдық есепте 10,1 пайызға өсіп кеткен.
Зерттеуге сәйкес, соңғы жылда аурухана қызметтерінің қымбаттауы Алматы облысы (20%) тұрғындарына ерекше сезілген. Сондай-ақ Түркістан(18,1%), Павлодар (15,6%) облыстары осы тізімде ұштікке кірген. Ал бағаның шарықтамай, баяу өсуі Ақтөбе облысында байқалған.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аурухана қызметтеріне 618,7 млрд жұмсалған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 60,3%-ға жоғары. Қызметтің басым бөлігі бюджет есебінен төленген, аталған сомадан халық қалтасынан тек 38,7 млрд теңге жұмсалған. Ал кәсіпорындар аурухана қызметтері үшін 32,2 млрд теңге төлеген.