Lider.kz волонтерлері оның ориентировкасын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
1984 жылы туған Әсем Мұратқызы Бекбергенова 3 қазанда жоғалып кеткен. Әйел Іле ауданындағы фазендадағы үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған, қазірге дейін оның қайда екені белгісіз.
Белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, шашы ұзын, қара түсті, иықтан төмен түскен, көзі қоңыр.
Үстіндегі киімі: ақ хиджаб, қара күрте, қара шалбар, ақ аяқ киім.