Malim.kz
Оқиға

Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасағандар ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасаған күдіктілер жедел түрде қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, қылмыс туралы хабар түскеннен кейін Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын талдаған. Соның нәтижесінде олардың жеке басы қысқа уақыт ішінде анықталып, ұсталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты, толық әрі объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары