Malim.kz
Оқиға

Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Айбын Атабай
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы-Бішкек автожолының 129-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Honda Odissei» көлігінің жүргізушісі алда кетіп бара жатқан «HOWO» жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан көз жұмды», – делінген ПД хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары