2025 жылғы 4 шілдеде Алматы тауларында құтқарушылар Кувейттен келген туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Үлкен Алматы көлі маңында жүргізілген рейд барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері самокаттан құлап жарақат алған турист әйелді тапқан.
Зардап шеккен әйел — Кувейт мемлекетінің азаматы екені анықталған.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ары қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына табысталды.
Фото: ТЖМ