Malim.kz
Оқиға

Алматы тауларында жасөспірімге құтқарушылар көмекке келді

Сабина Асқарқызы
ТЖМ

Алматы тауларында құтқарушылар тау ауруының белгілері бар жасөспірімді эвакуациялап, төмен түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бостандық ауданында, таулы аймақта 2500 метрден астам биіктікте орналасқан Космостанция маңында болған 2009 жылы туған жасөспірімнің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілері байқалуына байланысты өздігінен төмен түсе алмаған көрінеді. 

Көмекке Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетті. Туристпен байланыс үзілмей, оның геолокациясы анықталды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді «Алма-Арасан» экобекетіне дейін эвакуациялап, төмен түскеннен кейін оның жағдайы жақсарып, тау ауруының белгілері басылды.

Медициналық көмек қажет болмағандықтан, ол ары қарай үйіне өздігінен қайтты, - деді ТЖМ тарапы. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары