Malim.kz
Оқиға

Алматыда 12 жасар қыз бала 13 қабаттан құлап, көз жұмды

Мәди Саматұлы

Ақпарат көздерінде қыздың қосымша сабаққа баратын болып үйден шығып, бірақ оның орнына 13-қабатқа көтерілгені айтылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласы полиция департаменті қыз баланың көз жұмғаны туралы ақпаратты растады.

Бұл дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себебі мен мән-жайлары анықталады, деп жазды ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полицейлер қайтыс болған қыз баланың қауіпті «Көк кит» ойынын ойнағаны туралы интернетте таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнағаны және өзіне-өзі қол жұмсау туралы жазба қалдырғаны ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, деп мәлімдеді ПД.

Фото: yuga.ru/Елена Синеок

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары