Malim.kz
Оқиға

Алматыда 8 ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

Сұлу Бөлек

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлім болды. 

1983 жылы туған Кожбанов Жігер Жалғасбекұлы 2024 жылғы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ол Алматы қаласындағы Әуезов ауданы, Жетісу-2 шағынауданы, 50-үй мекенжайынан шығып кеткеннен кейін оралмаған.

Еріктілердің мәліметінше, 2025 жылғы 3 сәуірде ер адамды Алматы облысы аумағынан полицейлер тапқан. Оқиғаның басқа мән-жайы әзірге нақтыланбаған.

Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары