Балалар клиникалық ауруханасында Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирург Сергей Голянның жетекшілігімен шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Malim.kz Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.
Оның барысында қазақстандық балаларға 8 күрделі ота жасалды.
Пациенттердің ең кішісі – 1 жаста. Ол 8 саусақпен туған.
«Біз үшін бұл керемет жаңалық болды. Осындай отаны Алматыда тегін жасатамыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді», - дейді анасы.
Отаның бәрі МӘМС есебінен жасалды.
Фото: gov.kz