Malim.kz
Білім-ғылым

Алматыда «Әлем балалар көзімен» атты көрме ашылады

Ереке Базарқұл
ФОТОЛАР: ©standard.kz

2026 жылдың 2 сәуірінде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде «Әлем балалар көзімен» атты балалар шығармашылығы көрмесі ашылады.

«Oqu line» білім беру орталығы ұйымдастырған бұл шарада жасөспірімдердің 30 көркем туындысы көпшілік назарына ұсынылады

Экспозицияда А. Садырова, Б. Антонов, А. Оруджева және Н. Нурасбек сынды жас таланттардың жұмыстары қойылған

. Бұл туындылар балалардың қоршаған ортаға деген шынайы көзқарасы мен өзіндік қолтаңбасын бейнелейді. Көрменің басты мақсаты — жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін қолдау және қоғам назарын балалар дамуына аудару

Мәдени іс-шара 8 сәуірге дейін жалғасады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары