Malim.kz
Құқық

Алматыда автобуста әйелді ұрған ер адам қамалды

• Malim Админ

Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

Бұған дейін Алматыда ер адам № 126 қоғамдық көлік ішінде телефонмен қатты сөйлескені үшін әйелге жұдырық жұмсаған еді.

Фото: Видеодан скриншот

Malim Админ
Автордың басқа материалдары