Malim.kz
Оқиға

Алматыда базар маңындағы бес бутиктен өрт шықты (ВИДЕО)

Айбын Атабай
Фото: ТЖМ

Алматыда базар маңында тамақтану орындарында орналасқан бес бутиктен ірі өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 20 тамыз күні Түрксіб ауданында Сүйінбай даңғылындағы базар аумағында қоғамдық тамақтану орындары орналасқан бутиктерде болған.

“Алғашқы бөлімшелер келген кезде бес бутикте ашық жалын байқалды. Өрт сөндірушілердің күшімен оттың көршілес үй-жайларға одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада. 

ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары