Malim.kz
Оқиға

Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Алматыда бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар бала дәрігерлердің жедел көмегінің арқасында аман қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршіннің бас-миы жарақаттанып, бел омыртқасы сынған, сондай-ақ сан сүйегі екі жерден шытынаған. Ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген балаға күрделі ота жасалып, оның өмірі сақтап қалынды.

Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде терезеден құлау оқиғалары жиілейді. Осыған байланысты ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары