Malim.kz
Оқиға

Алматыда ер адам әуежай қызметкерін пышақпен қорқытты

• Сабина Асқарқызы

Әлеуметтік желіде ер адамның әуежай қызметкерін шашынан ұстап тұрған сәтінен видео таралды, деп хабарлайды Malim.kz

"Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Куәгерлердің айтуынша, полиция дер кезінде әрекет етті", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, ал ол сол сәтте тексеру қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқытуға кіріскен.

Фото: видеодан кадр

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары