Malim.kz
Оқиға

Алматыда ер адам пышақпен 12 жастағы балаға шабуылдады

Айбын Атабай
Видеодан кадр

Алматыда ер адам 12 жастағы жасөспірімге шабуыл жасап, қолындағы гитарасын тартып алған. Полиция күдіктіні іздеп жатыр. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

Оқиға болған сәт Qumash Telegram арнасында жарияланды. Баланың анасының айтуынша, шабуыл жасаған адамның қолында пышақ болған. Жасөспірімнің жандаусын естіген дүкен сатушысы сыртқа жүгіріп шыққан. Алайда ер адам гитараны тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Баланың анасы дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты полицияға жүгінбеген. Алайда Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру бастады.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады”, – деп мәлімдеді ведомство.

Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан баланың медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтты.

“Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан психологиялық қолдау ұсынылды. Мен баланың анасымен байланыстамын”, – деді ол.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары