Malim.kz
Оқиға

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

Malim Админ

Алматы қаласында тұрғын үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деген күдікпен 56 жастағы әйел қамауға алынды. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше оқиға 27 қараша күні болған.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр" делінген ПД мәлімдемесінде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: azertag.az

Malim Админ
Автордың басқа материалдары