Malim.kz
Сұқбат

Алматыда карантин шаралары жеңілдетілді

Malim Админ

Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша мейрамханалар мен сауда орталықтарының жұмысына рұқсат етілді.

Сонымен қатар,

- Студенттер мен оқушылар оқу жылы аяқталғанға дейін қашықтан оқытуға ауыстырылады.

- Сауда орталықтары, сауда үйлері, жабық әмбебап базарлар жұмыс күндері тек 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері — тыйым салынады.

- Азық-түліктік емес дүкендер мен мектептен тыс балалар клубтары — 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

- Шаштараздар мен сұлулық салондары алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істейді, адам саны 50% аспау керек.

- Қоғамдық тамақтану, мейрамханалар, фуд-корттар — жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

- Балабақшаларда кезекші топтар 15 баладан аспау керек.

- Қоғамдық көліктер кесте бойынша жүреді.

Қаулының толық нұсқасы мына жерде.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары