Malim.kz
Денсаулық

Алматыда кене қаптады: дәрігерлер дабыл қақты

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Алматылықтарға кенелер әдеттегіден ерте шабуылдай бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Маусым басталғалы бері кене шаққаннан кейін медициналық көмекке 2023 адам жүгінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп.

Зардап шеккендердің жартысына жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Қалада кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелді, науқастардың ешқайсысы вакцина алмаған.

Дәрігерлер Алматы маңы әлі де қауіпті аймақ болып саналатынын еске салды. Қалада саябақтар, скверлер мен тау шатқалдарын кенеге қарсы ауқымды өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандар табиғат аясында серуендегенде сақ болуға, жабық киім киюге, репеллент қолдануға және демалыстан кейін денені мұқият тексеруге кеңес береді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары