Malim.kz
Оқиға

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Сұлу Бөлек

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Демалыста 30 адам мінген экстремал аттракцион аяқ асты тоқтап, жұрт биікте біраз уақыт тұрып қалған.

Техникалық ақау реттелгенше, адамдар биікте он минуттай тұрған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Инженерлер істен шыққан бұрандаларын ауыстырып, атракцион қайта іске қосылды. Осы жағдайға қатысты полиция тексеріс бастап, құқықтық бағасын бермек. 
Фото: Видеодан алынған кадр

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары