Алматыда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін қоқысқа апарып тастаған, – деп хабарлайды Malim.kz сайты Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған сайттың мәліметінше, түнгі уақытта Гагарин даңғылының маңында ер адам кілемге оралған белгісіз затты үйден алып шығып, қоқысқа тастап кетіп қалған. Куәгерлер күмәнданып, кілемді ашып қарағанда әйелдің мәйітін көрген.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Фото: istock