Malim.kz
Оқиға

Алматыда мопедші әйел көлікпен соқтығысып, көз жұмды

Malim Админ

Алматыға кіреберісте, Қапшағай тас жолында бетон араластырғыш көлік пен мопед соқтығысты.


Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 5 қыркүйекте сағат 08:50-де Алматының Жетісу ауданында болған.

– HOWO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Қапшағай тас жолымен оңтүстік бағытта келе жатып, Honda маркалы мопедпен соқтығысқан. Мопедті тізгіндеген 54 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Алматыда автобус жүргізушісі самокатпен жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен еді.

Фото: Kazinform

Malim Админ
Автордың басқа материалдары