Malim.kz
Оқиға

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

• Malim Админ

Әлеуметтік желілерде полиция капитаны Алматыдағы кафелердің бірінің маңында болған төбелес кезінде пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция бұл оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Полиция департаменті капитанға пышақ салған күдіктінің қамауда екенін айтты.

"Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Құзырлы органның мәлімдеуінше, оқиға кезінде полицей қызметте болмаған.

Фото: gov.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары