Malim.kz
Сұқбат

Алматыда құбыр жарылып, жерден ыстық су атқылады

• Malim Админ

Алматыда құбыр жарылып, жерден ыстық су атқылады. Жарылыс Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында болған, деп жазды Zakon.kz.

Апат салдарынан Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке би – Қонаев көшесінің тұрғындары ыстық су мен жылусыз қалды.

«Апаттық бригада бұзылған жерді жөндеуге кірісті. Құбырдағы ақауды жою үшін ыстық су мен жылу уақытша өшірілді», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Құбыр бүгін сағат 23:00-ге дейін жөнделеді.

Фото: zakon.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары