Malim.kz
Құқық

Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған екі шетелдік ұсталды

• Malim Админ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деп айыпталған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматын ұстады.

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.

Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмысы жоқ.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото: ҰҚК

Malim Админ
Автордың басқа материалдары