Malim.kz
Оқиға

Алматыда үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды

Айбын Атабай
Sputnik / Табылды Кадырбеков

Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ға сілтеп.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиэтиленге оралған мәйіт үй жертөлесінде болған. Оқиға орнына полицияның жедел-тергеу жіберіліп, марқұмның жеке басы анықталған.

— Алдын ала мәлімет бойынша ол үй мен пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үй иесін ұстады. Оның түсініктемесіне сәйкес, ер адам мән-жайы әзірге анықталмаған жағдайда жарақат алған. Алайда болған оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабарлап, көмекке жүгінудің орнына, тергеу нұсқасы бойынша, үй иесі мәйітті жертөлеге жасырып қойған, — деп хабарлады департаменттен.

Аталған дерек бойынша қазір адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптаманы қоса алғанда бірқатар кешенді сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары