Malim.kz
Оқиға

Алматыда жаңбырдан кейін әуежай шатырынан су ақты

Сабина Асқарқызы
Бейнежазбадан скриншот

Алматы әуежайында шатырдан су ағып, нысанның кей аймақтарын су басты, деп хабарлайды Malim.kz

Қазақпараттың жазуынша, оқиғаның бейнежазбасын жолаушылар әлеуметтік желіде жариялаған. 

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты түсініктеме берді. Әуе айлағының ресми жауабына сәйкес, нөсер жауын салдарынан Т1 және Т2 терминалдарының кейбір аймақтарында шатырдан су кеткен.

Аталған жағдайдың салдары 30 минут ішінде жедел түрде жойылып, рейстердің орындалу кестесіне әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұндай жағдайлардың себебін анықтау және алдағы уақытта болдырмау мақсатында инфрақұрылымға тексеру жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді әуежайдан.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары