Malim.kz
Оқиға

Алматыда жарылыс болып, бірнеше аудан жарықсыз қалды

Ереке Базарқұл
© tengrinews.kz

Бұл туралы malim.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сүйеніп хабарлайды. Болған жай туралы басылымға Алматы әкімдігі түсініктеме берген.

Меморган берген мәліметке қарағанда, бүгін (2025 жылдың 17 қарашасы), Сайран ауданының Өтеген батыр көшесі бойындағы "Сұңқар" медициналық орталығының көлік тұрағының қасындағы жоғары кернеулі электр желісінде жарылыс болған.

Әкімдік өрт сөндіру, полиция, жедел жәрдем қызметтері оқиға орнына сағат 09:01-де жеткенін айтыпты. Зардап шеккендер жоқ екен. Жарылыстан ұшқан жоғары кернеулі сымдардың изоляциясының жарықшатқтары медициналық орталықтың терезелерін және 1 жеңіл машинаны бүлдірген. Бұл хабарлама тараған кезде апаттық қызметтің жолда екені де хабарланыпты.

Жарылыс салдарынан Әуезов ауданындағы  5, 8, 9, 10 мөлтек аудандар мен Сайран ауданы жарықсыз қалыпты. Сағат 09:50 шамасында 10 мөлтек ауданнан басқаларына электр қайта қосылған.

Бұған қоса, әкімдік - подстанцияларда жарылыс салдарынан болған өрт туралы хабардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдепті.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары