Malim.kz
Оқиға

Алматыда жер сілкінді

Ереке Базарқұл
ФОТОЛАР: © скриншот

Еуропалық  Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де болған.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым және Түрген ауылынан шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,8-ді құрады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің балдық қуаты мен эпицентрі туралы ақпаратты сейсмологиялық ғылыми орталық өңдеп, нақтылап жатқанын хабарлады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары