Malim.kz
Сұқбат

Алматыда жер сілкінісінен кейін көпір, жаяу жүргіншілер өткелдері тексерілді

Malim Админ

Алматыда жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы тексерілді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Ақпаратқа сәйкес, қалалық мобильділік басқармасы жер сілкінісінен кейін 36 жолайрық пен көпірге, 45-тен астам жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне визуальды тексеру жүргізілген.

«Еш зақым келмеген. Сонымен қатар, көпірлер мен өткелдерді егжей - тегжейлі зерттеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Фото: ilovealmaty.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары