Қалада бірнеше күн бұрын жоғалып кеткені хабарланған 70 жастағы кейуананың денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Lider еріктілер ұйымының мәліметінше, 1954 жылы туған Галина Коновалова 24 маусым күні сағат 17:00 шамасында “Дружба” бау-бақша өндірістік кооперативі ауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін сол күйі оралмаған.
Хабарландыруда оның бағыт-бағдарды ажырата алмайтыны және есте сақтау қабілетінде проблемасы бары айтылған.
Жоғалған кейуананың денесі кеше ғана табылғаны хабарланды. Дегенмен өлімнің себебі әлі нақтыланбады.
Фото: Lider еріктілер ұйымы