Malim.kz
Оқиға

Алматыда жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды

Арман Қайыпхан

Жол-көлік оқиғасы мегаполистің Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Яссауи көшесіне бұрылған сәтте көлікке ие бола алмай, қиылыста тұрған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Кейін инерциямен жүріп барып, жақын маңдағы тұрғын үйге барып соғылған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір жол апатының нақты мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары