Malim.kz
Оқиға

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жүргізушілер жанжалдасып қалды

Айбын Атабай
Видеодан скрин

Қазнетте әл-Фараби даңғылында болған ерекше қақтығыстың видеосы тарап жатыр

Қала тұрғыны түсірген видеода екі ер адамның жол үстінде бір-біріне қарай сес көрсетіп, ерегісіп жатқанын көруге болады, алайда олар төбелеске дейін жетпеген.

"Алматы, әл-Фараби даңғылы. Жаңалық емес. Қол көтермей төбелесу", - деп жазды видео авторы.

Көптеген қолданушы роликке әзілмен жауап берді. Олардың кейбірі қатысушылардың "техникасын" келемеждегенімен, жанжалдың үлкен төбелеске ұласпағанына қуанышты екенін білдірді:

Сонымен қатар болған жағдайға алаңдап, жүргізушілердің іс-әрекеті апаттық жағдай туғызғанына наразы болғандар да бар.

 Алматы Полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары