Malim.kz
Сұқбат

Алматыдағы оқшауланған зоналар ашыла бастады

Malim Админ

Алматыдағы коронавирус ошағы ретінде оқшауланған 66 зона қайта ашылды. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Алматының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы территориясында байланысқа түскен адамдар арасында коронавирусқа сай келетін клиникалық симптомдар анықталуы мүмкін деген уақыт – оқшаулау кезеңінің аяқталуына байланысты 66 зонадан шектеулер алынды», -делінген хабарламада.

Бұл қайта ашылған зоналар Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу, Түркісіб, Наурызбай аудандарында орналасқан.

Кешегі соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 212 ауру ошағы анықталған. Қазір Әуезов ауданы – 47, Алатау – 15, Бостандық – 30, Түркісіб – 27, Жетісу – 18, Наурызбай – 17, Алмалы – 15 оқшауланған зона бар.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары