-Үш адам екінші және үшінші қабаттан секіріп, жараланған. Зардап шеккен екі адам үйіне қайтарылған. Үшінші пациенттің жағдайы ауыр,-делінген хабарламада.
Бұл ақпаратқа дейін Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеген еді. Қала әкімдігі де жер сілкінісінен қаза тапқан, я жараланғандар жоқ деген болатын.
Сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны хабарланды.