Бүгін Алматыда жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Malim.kz.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 12:14-те тіркелген.
Алматы қаласында жерасты дүмпулерінің сезілу күші 2 балл болды.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.